25 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы

Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады

25 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

25 желтоқсанда республиканың басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді. Солтүстікте және шығыста жаяу бұрқасын соғады, оңтүстікте көктайғақ болуы ықтимал. Тек еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында күн райы ашық болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, Ақмола, Павлодар облыстарында тұман түсуі мүмкін.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Жамбыл облысында көктайғақ болуы ықтимал. Түнде Алматы, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде қатты аяз болады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.