Алматыда арзан үй сатамын деп елді алдаған алаяқ ұсталды
Ол бір күнге жалға берілетін пәтерге адамдарды апарып, оны арзан бағаға сататынын айтқан. Сонымен қатар алдын-ала үй бағасының 20 пайызын алып отырған
Алматы тұрғындарына пәтерлерді банк арқылы алып беремін деп көмек көрсетпекші болған әйел адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1989 жылғы азаматша банк қызметкерлерімен байланысым бар, үй алуға көмектесемін деп адамдарды алдаған. Қазіргі таңда ол тергеуге алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. К. ханымға қатысты 9 қылмыстық іс қозғалды.
«Алаяқ бір күнге жалға берілетін пәтерге адамдарды апарып, өз үйі ретінде таныстырған әрі өзіне сенім артуға болатынын осылай дәлелдемекші болған. Ол сатып алушылардан банк комиссиясы, басқа шығындарға деп пәтер бағасының 20%-н алдын-ала алып отырған. Адамдар жақсы бағамен пәтер аламыз деп оған сеніп қомақты қаржысын берген», - дейді баспасөз қызметі.
ҚР ҚК 190 б., 3 б. екі немесе одан да көп адамға алаяқтық жасады деген айыппен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.