$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.12.2020, 05:27
Жаңалықтар

22 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы

Сейсенбі күні еліміздің басым бөлігінде қар жауады

22 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

22 желтоқсан күні республиканың солтүстік, солтүстік-батыс және шығыс аймақтарында қар жауады. Боран соғып, жел күшейеді. Қазақстан территориясының қалған бөлігінде жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші - 15-20 м/с, түнде- 23-28 м/с. Кей жерлерде бұрқасын көтеріліп, тұман сақталады.

Павлодар облысында кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Боран соғады.

Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, бұрқасын соғады. Жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Түркістан, Қарағанды, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Маңғыстау, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде боран соғады. Күндіз жел қарқыны -15-20 м/с.

Серіктес жаңалықтары