Қорғаныс министрлігінің экс-қызметкері пара алғаны үшін сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Қорғаныс министрлігі Кадр және әскери білім департаментінің бұрынғы бастығы генерал-майор Көпбаев пара алғаны үшін сотталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алу фактісі бойынша ҚР Қорғаныс министрлігі Кадр департаментінің (бұдан ары – ҚР ҚМ) бұрынғы бастығы генерал-майор Қ.Р. Көпбаевқа қатысты қылмыстық істі аяқтады.

2019 жылдың мамыр айында Көпбаевтың Ақтөбе қаласы «Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты» РММ-іне офицерлік лауазымға тағайындағаны үшін 200 мың теңге сомасында пара алғаны анықталды.

Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен Көпбаев мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен бірге, сот ҚР Президентінің атына Көпбаевты генерал-майор әскери атағынан және «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс енгізеді.