16 желтоқсаннан бастап ШҚО-да пойызға отыру үшін ПТР-тест анықтамасы талап етілмейді

Автор: Azattyq Rýhy

Енді ұшақ жолаушыларына да ПТР тест анықтамасы қажет емес

Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында пойыз және ұшақ жолаушыларынан ПТР-тест анықтамасы талап етілмейтін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Шығыс Қазақстан облысының ішкі әуе және теміржол қатынастарында COVID-19 бойынша шектеу шараларын күшейту туралы» Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 31 қазандағы № 59 қаулысына өзгерістер енгізілді. Енді пойыз және ұшақ жолаушыларынан ПТР тест анықтамасы талап етілмейді», - делінген құжатта.

Жаңа қаулы 16 желтоқсаннан бастап күшіне енді.