Нұр-Сұлтанда 150-дан астам отбасы баспаналы болды
Тұрғын үй жаңа вокзалдың жанында орналасқан.

Елордада 150-ден астам отбасына пәтер кілттері табысталды. Олардың ішінде фельдшерлер, медбикелер, мұғалімдер, дәрігерлер бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа тұрғын үй елордамыздың Алматы ауданында, жаңа вокзалдың жанында орналасқан. Жанында медициналық орталықтар, мектептер, балабақшалар бар. Бұл автономды қазандық табиғи газға қосылған алғашқы үй.
Бұған дейін Қазақстан ипотекалық компаниясымен бірлесе әлеуметтік пәтер алушылар санаты едәуір кеңейттілген еді. Тізімге медицина қызметкерлері мен мұғалімдерден басқа әлеуметтік қызметкерлер, төтенше жағдай департаментінің, полиция департаментінің қызметкерлері, мәдениет және спорт қайраткерлері кірді. Аталған бағдарлама бойынша 1 мыңға жуық пәтер беру жоспарланып отыр. 500-ден астамы беріліп те қойған. Құжаттама бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы тұрғын үй бағдарламасы бойынша пәтерлер сатып алу құқығымен беріледі.