Баласын тәрбиелеуден бас тартқан әйел оны өзенге тұншықтырып өлтірген

Автор: Azattyq Rýhy

Дағыстан республикасындағы Чонтаул селосында әйел өзінің кішкентай қызын тұншықтырып өлтірген деп хабарлайды РИА Новости Тергеу комитетіне сілтеме жасап.

Оқиға былтыр күзде болған екен. Тергеу енді аяқталып, қанды қылмыс жасады деген әйел сот алдында жауап береді.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті 2012 жылы туған қызын тәрбиелегісі келмей өлтіруге оқталыпты. 2018 жылдың 6 қыркүйегінде ол кішкентай қызды өзенге апарып, тұншықтырып өлтірген. Әйел оқиға орнынан бой тасалап үлгеріпті. Ал, баланың мәйітін 3 күннен кейін ауыл тұрғындары тауып алған.