Екі адамға «Қазақстанның Еңбек ері» атағы берілді

Автор: Azattyq Rýhy

Президент жарлығы шықты

Көрнекі фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанды экономикалық дамытудағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін бірқатар азаматтарға жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды.

Атап айтқанда:

Басин Вадим Борисович – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры, Қарағанды облысының Теміртау қаласы;

Қайыргелдин Мұрат Амангелдіұлы – «Еуроазия энергетикалық корпорациясы» АҚ «Восточный» кенішінің машинисі, Павлодар облысының Екібастұз қаласы.