$ 512.32  582.92  6.29
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.12.2020, 13:45
Жаңалықтар

Алматыда тұрғындарды 400 млн теңгеге алдап соққан күдікті ұсталды

Күдікті бұл іспен 2014 жылдан бастап айналысқан

Алматыда тұрғындарды 400 млн теңгеге алдап соққан күдікті ұсталды
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Алматы полициясы тұрғындарды 400 миллион теңгеден астам сомаға алдап соққан адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы Шығыс Қазақстан обласының 1977 жылғы тумасы, Ш.есімді азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол Алматы қаласының аумағында жүріп, «Хан Тенгри» тұрғын үй кешенінен «жалға берілетін тұрғын үй» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үй алу, жер учаскелері мен бұғат қойылған көліктерді электрондық саудадан алып беремін деп алдаған. Күдікті бұл іспен 2014 жылдан бастап айналысқан.

«Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің сотқа дейінгі тергеу басталды. Ш. күдікті деп танылды. Ол Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-131 баптарына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді тергеу басқармасы бөлімінің бастығы Әділ Салаев.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. 

Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр. Сонымен қатар полиция күдіктінің заңсыз әрекетінен зардап шеккен азаматтардан 261-84-90, 254-40-59 және 8-775-284-55-56 нөміріне хабарласуды сұрады.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы #алаяқтық