$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.12.2020, 12:58
Жаңалықтар

Шымкентте «Nur Otan» партиясының өкілдері зауыт қызметкерлерімен кездесті

Мәжіліс пен мәслихаттардың депутаттығына үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр

Шымкентте «Nur Otan» партиясының өкілдері зауыт қызметкерлерімен кездесті

Сайлау алдындағы үгіт-насихат кезеңінің төртінші күні  «Мәртөбе» елді мекенінде орналасқан «Азамат» консерві зауытында жалғасын табуда. Қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Лазиз Сулайманов, Талғат Балтабаев және Мөлдір Бекеева зауыт жұмысшыларының «Nur Otan» партиясының алдағы бес жылға бекітілген сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндірді.

Төрт тараудан тұратын партия бағдарламасында облыстық, қалалық, аудандық деңгейдегі елдімекендерді алаңдатқан негізгі мәселелер қамтылған. Бүгінгі жиында үміткер Талғат Балтабаев осы бағдарламаны жүзеге асыруда халықтың қолдауы аса қажет екенін атап өтті.

Кездесу барысында  зауыт қызметкерлері тарапынан зауыт маңында орналасқан Есенин көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы ұсыныс түсті. Одан бөлек, жұмысшылар «Азамат» консерві зауытында қызметкерлерге барлық жағдай жасалғанын, сондай-ақ айлық жалақылары уақытылы түсіп отыратынын жеткізді.

Бүгінде «Азамат» консерві зауыты 50 түрлі өнім шығарады. Кәсіпорынның өнімдері ел өңірлеріне ғана емес, шет елдерге де экспортталады. Мекеме директорының сөзінше, мұнда пандемия жағдайында өнім шығару көлемі артқан. Қазіргі таңда 40 адам жұмыспен қамтылған болса, жаз айларында сұраныстың артуына байланысты жұмысшылар саны 150-ге дейін көбейген.

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық Сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары