$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.12.2020, 00:46
Жаңалықтар

Ақмола облысында карантин талаптары жеңілдетілді

Жексенбі күндері азық-түлік емес дүкендердің қызметі тоқтатылады

Ақмола облысында карантин талаптары жеңілдетілді
Фото: ашық дереккөзлен

 

Ақмола облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 

Қаулыға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар келесідей:

- азық-түлік, бірінші кезекте қажетті тауарлар, дәрі-дәрмек және медицина бұйымдарын сатып алу; шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемеге баруды қоспағанда, барлық тұрғынға, әсіресе 65 жастан асқан адамдарға аса қажетті себептерсіз үйінен сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін шықпауға ұсынылады. 

- белгіленген талаптарды сақтай отырып және ұжымдық іс-шараларды өткізбей,келушілердің санын 30 пайыздан асырмай, діни объектілердің (мешіт, шіркеу, собор, синагога және т.б.) қызметіне рұқсат беріледі; 

- мәдениет объектілерінің (келушілердің санын 30 пайыздан асырмай, жеке, топпен репетиция) кітапханалардың, мұражайлардың қызметіне рұқсат беріледі; 

- қала маңындағы жолаушылар поездарының/электр пойыздарының қозғалысы, қалааралық автобус, шағын автобус тасымалы жандандырылсын. 300 км-ден аспайтын қашықтықтағы облысаралық тасымалға рұқсат берілсін. Отыратын орын саны 75 пайыздан аспайтын, бірақ 15 адамнан асырмай жиі жүрмейтін қалалық тасымалдарға рұқсат беріледі; 

- келушілердің санын 30 пайыздан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш.м. сақталған жағдайда бекітілген кесте бойынша санитариялық күн өткізе отырып, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендері, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер жұмыс тәртібі сағат 07.00–ден 22.00-ге дейін шектеледі; 

- (отбасы мүшелерін қоспағанда, 2 адамнан артық емес) такси қызметінің жұмыс тәртібі сағат 23:00-ден 06.00-ге дейін шектеледі; 

- келушілердің санын 30 пайыздан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш.м. сақталған жағдайда 500 ш.м. астам (бөлек тұрған) азық-түлік емес дүкендердің қызметі жұмыс күндері сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін шектелсін. Олардың ішіндегі (жұмыс режимі сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін және келушілердің санын 30 пайыздан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш.м. сақталған) құрылыс материалдары мен қосалқы бөлшектерді сататын дүкендерді, азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, жексенбі күндері азық-түлік емес дүкендердің қызметі тоқтатылады; 

- келушілердің санын 30 пайыздан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш.м. сақталған жағдайдасауда ойын-сауық орталықтары, сауда объектілері қызметіне рұқсат беріледі. 

Серіктес жаңалықтары