Қазақстанда 1 004 бала коронавирустан емделіп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Барлығы 14 мыңға жуық адам коронавирус инфекциясынан ем алып жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда 1 004 бала коронавирустан емделіп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 13 832 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 1 004 бала бар. Стационарларда 3 762 науқас жатыр. 10 070 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы, науқастардың арасында 230 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 41 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 44 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.