Елорда супермаркеттері мереке алдында тәулік бойы жұмыс істейді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Алтай Көлгінов мәлімдеді

Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордада локдаунға жол бермеу үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Локдаун жағдайының жұртқа қаншалықты қиын тигенін бәріміз білеміз. Бізге тағы соны қайталау қажет пе? Менің ойымша, жоқ. Сондықтан біз супермаркеттердің иелерімен, санитарлық дәрігерлермен мереке қарсаңында тәулік бойы жұмыс режиміне көшу туралы талқылап жатырмыз. Оған рұқсат беру арқылы біз жұрт дүкенге асығатын уақытты кеңейтеміз», - деді қала әкімі. 

Алтай Көлгіновтің айтуынша, әзірге қаланы карантин режиміне жабу қажеттілігі жоқ.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан