$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.12.2020, 09:54
Жаңалықтар

Әлем чемпионатына іріктеу: Қазақстан құрамасы Франциямен бір топқа түсті

Қазақстан құрамасы Франция, Босния және Герцеговина ұлтттық құрамаларымен алғаш рет жолыққалы отыр

Әлем чемпионатына іріктеу: Қазақстан құрамасы Франциямен бір топқа түсті
фото: kff.kz

7 желтоқсанда Цюрихте 2022 жылы Катар елінде өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) іріктеу кезеңіндегі командаларды бес себетке бөлді. Рейтингте 122 орында тұрған Қазақстан құрамасы бесінші себетке түсті.

Жеребе қорытындысы бойынша, Қазақстан ұлттық құрамасы Франция (әлем чемпионы), Украина, Финляндия, және Босниямен бір топқа түсті.

Іріктеу турнирі 2021 жылдың 24-ші наурызында басталып, 16-шы қазанда аяқталады. Он топтың жеңімпаздары әлем біріншілігіне тікелей жолдама алады.

Төменде жеребе нәтижесімен таныса аласыздар:

  • А тобы: Португалия, Сербия, Ирландия, Люксембург, Әзірбайжан;
  • В тобы: Испания, Швеция, Грекия, Грузия, Косово;
  • С тобы: Италия, Швейцария, Солтүстік Ирландия, Болгария, Литва;
  • D тобы: Франция, Украина, Финляндия, Босния және Герцеговина, Қазақстан;
  • Е тобы: Бельгия, Уэльс, Чехия, Беларусь, Эстония;
  • F тобы: Дания, Австрия, Шотландия, Израиль, Фарер аралдары, Молдова;
  • G тобы: Нидерланды, Түркия, Норвегия, Черногория, Латвия, Гибралтар;
  • Н тобы: Хорватия, Словакия, Ресей, Словения, Кипр, Мальта;
  • І тобы: Англия, Польша, Венгрия, Албания, Андорра, Сан-Марино;
  • J тобы: Германия, Румыния, Исландия, Солтүстік Македония, Армения, Лихтейнштейн.

Қазақстан құрамасы Франция, Босния және Герцеговина ұлтттық құрамаларымен алғаш рет жолыққалы отыр. Ал, Украина құрамасымен 4 рет (4 жеңіліс), Финляндиямен 2 рет (2 жеңіліс) кездескен.

Серіктес жаңалықтары