Ол азаматтық некедегі күйеуінен зәбір көрген
Петропавлда азаматтық некедегі күйеуінен зәбір көрген әйел көпірден теміржолға секіріп, өлмек болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Тәртіп сақшылары көпірден темір жолға секіріп өлмек болған әйелді құтқарып қалды. Ш.Уәлиханов ауданының 33 жастағы тумасы сол күні бірнеше рет ұрып-соққан азаматтық некедегі күйеуіне шағымданып, полицияға арыз жазған. Екі баласын аудандағы туыстарының үйіне қалдырып кеткен әйел үйіне баруға қорыққан», - деп жазылған хабарламада.
Әйелге психологиялық көмек көрсетілді. Бүгінде ол тұрмыстық зорлық-зомбылық көргендерге арналған баспанаға орналастырылды.