Полицейлер Нұр-Сұлтан әуежайында бір миллион теңге тауып алды
Ресей азаматы ақшасы мен құжаттарын жоғалтқан
Нұр-Сұлтан әуежайындағы полиция қызметкерлері құжаттар мен миллион теңге салынған файл тауып алып, иесіне қайтарып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Ыстанбұл-Нұр-Сұлтан әуе рейсімен келген Ресей тұрғыны Назарбаев әуежайында ақша айырбастау орнына барып, файлды қалдырып кеткен. Оның ішінде 2002 жылы туған азаматтың құжаттары, 1800 доллар және 50 мың рубль ақша болған. Терминалдан шыққаннан кейін ол таксиге отырып, қонақүйге кетіп қалған», - деп жазылған полиция таратқан хабарламада.
Қызметкерлер оның Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ елшілігіне жүгінгенін анықтап, сенім нөміріне хабарласуын сұраған. 2 сағаттан кейін азамат құжатсыз болғандықтан, файлды қонақүйге әкеліп беруін өтінген. Ақша толық көлемде иесіне қайтарылды.