Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады
Жамбыл облысының полицейлері телефон ұрлығын ашты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Тараз қаласының полиция басқармасына сілтеме жасап.
«56 жастағы тұрғын өзінің ұялы телефонының ұрланғаны туралы арызданған. Әйел адам кафенің үстеліне ұялы телефонын қойып, бір сәтке сыртқа шығып , қайтып оралғанда затының жоғалғанын айтады», - деп жазылған хабарламада.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен аталған қылмысты жасаған 35 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Ұялы телефон иесіне қайтарылды.