05.12.2020, 21:43
Жаңалықтар
Алматы маңында бетон араластырғыш көлік құлап, екі адам көз жұмды
Оқиға Алматы-Бішкек тасжолында болған
Алматыда жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.
«Оқиға Алматы-Бішкек тасжолында мегаполистен 22 шақырым жерде орналасқан «Бахар» мейрамханасының жанында болған. Жүк тиелген автобетонараластырғыш (8 текше метр бетон – 19,2 тонна) батыс бағытта жылжиды. Ал бензин тасушы мен Lexus LX 570 параллель шығысқа қарай жүреді. Соңғы екеуі бұрылып жатқанда бетонараластырғыштың алдына шыққан. Бетонараластырғыш жүргізушісі соқтығыспас үшін рөлді кері бұрып, жол шетіндегі жиекке жанымен құлайды», - деп жазылған ақпаратта.
Оқиға салдарынан Lexus көлігіндегі жүргізуші мен жолаушы көз жұмды. Басқа екі жүргізуші дін аман.
Көп оқылған
26.10.2026, 06:16
Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды
26.10.2026, 14:00
СІМ: Түркияда қазақстандық бойжеткен биіктен құлап қаза тапты
26.10.2026, 17:02
Жезқазғанда екі мас жүргізуші жолда жарыс ұйымдастырған (ВИДЕО)
26.10.2026, 07:22
Тұман, шаңды дауыл, көктайғақ: 26 қазанға арналған ауа райы болжамы
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды