Түркістан облысында туристер мінген автобус қар құрсауында қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Онда 29 жолаушы болды

Түркістан облысында туристер мінген  автобус қар құрсауында қалды. Салонында 29 жолаушысы бар автобус  Бәйдібек ауданында қарға батып қалған. Туристер Ақмешіт шатқалына бара жатқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Облыстық ТЖД мәліметінше,  туристерді құтқару туралы қоңырау 112 басқару пультіне күндізгі сағат 15:00 шамасында түскен. Үстірттің үстінде қалған автобусты салондағы туристер қарды тазалап, шығарып алмақшы болған. Туристер тоқтап қалған аумаққа ТЖП арнайы техникалары  мен  8 адам жіберілген. 

«Туристерді тасыған автобусқа грейдер жіберілді. Күндізгі сағат 16:25 кезінде туристер қар құрсауынан шығарылып,  жолаушылар сапарын одан әрі жалғастырды. Оқиғадан зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ», — делінген хабарламада.