Түлкібастық оқушылар Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін

Әлемдік рекордты жаңартқан жасөспірімдер шетелден арнайы комиссияның келуін күтіп жүр

Түлкібастық оқушылар Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін

Гиннестің рекордтар кітабына енуге үміткер жасөспірімдер Түркістан облысында тұрады. Түлкібас ауданының мектеп оқушыларын кір тасын көтеру спортында әлемдік жетістіктерге жетуге жаттықтырушысы шабыттандырып жүр, деп жазады otyrar.kz.

2015 жылы спорттың бұл түрі бойынша әлемдік рекордты украиналық жасөспірім орнатқан болатын. Ол кір тасын 1102 рет көтерген. 5 жылдан кейін Түркістан облысының жасөспірімдері ол көрсеткіштен асып түсті.

«Осыншама жаттығып жүріп, балалар ақыры мақсатына жетті. Ең аз дегенде, 1124 рет және ең көбі 1224 рет кір тасын көтерді. Мұнда бәрін комиссия тіркеді, бірақ пандемияға байланысты халықаралық өкілдер келе алмады, бірақ біз рекордтың жаңарғанын білеміз. Міне, олар менің шәкірттерім!», - дейді мақтанышпен жаттықтырушы Рүстем АЛПАМЫСОВ.

Түлкібастық оқушылар күн сайын жаттығу жасайды. Спорт мектебіндегі жаттығу құрылғыларын барлығы бірге ұйымдасып алыпты.

«Біздің бар күніміз залда өтеді, бос уақытта жүгіреміз, жаттығамыз және оқимыз. Бос уақыт жоқ, әсіресе ауылда. Иә, біз рекордты жаңарттық, алдымен жаттықтырушы бізге ұсыныс айтып көрген еді. Біз сол мүмкіндікті жіберіп алмауды жөн көрдік. Енді рекордты жаңарттық, бірақ осы жетістікпен тоқтап қалмаймыз, алда әлі де талай жақсы нәтиже көрсетеміз», - дейді Алишан АЙБАСОВ.

Жас спортшыларды танымал қазақстандық ММА спортшылары ынталандырады екен. Солардың бірі – ЮФС спортшысы, жекпе-жек шебері, жерлестері Шавкат Рахмонов.

Енді спортшылар рекордтар кітабының арнайы комиссиясын күтіп жүр. Себебі солардың қатысуымен бұл көрсеткіштерін тағы қайталауы керек. Ал жас спортшылар ол кезде қазіргі нәтижеден асып түсуге тырысамыз деп отыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.