Бірінші және бесінші сынып оқушылары аязға байланысты қашықтан оқиды
Нұр-Сұлтанда 4 желтоқсанда мектеп оқушылары аязға байланысты қашықтан оқиды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті Білім басқармасының шешіміне сәйкес 2020 жылғы 4 желтоқсанда қолайсыз ауа райына байланысты (-25 градус) бірінші ауысымдағы бірінші және бесінші сынып оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылғанын хабарлайды», - делінген департамент хабарламасында.