Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды

Оңтүстік және солтүстік аймақтарда тұман, жаяу бұрқасын, ал батыс өңірде қатты аяз болуы мүмкін

Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды

Ауа райының бұзылуына байланысты республиканың алты облысында дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда 4 желтоқсанда Түркістан облысының кей аумағында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Шымкентте көктайғақ болады. Ауа райы болжамының дәлдігі –  90-95 %.

Маңғыстау облысының солтүстігінде түнде 22°С-қа дейін қатты аяз болуы мүмкін. Жолда көктайғақ сақталады. Ауа райы болжамының дәлдігі – 85-90%.

Өскемен, Риддер қалалары мен Жаңа Бұқтырма ауылында 21.00-ге дейін 2 дәрежелі жағымсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.

Солтүстік Қазақстан облысында 4 желтоқсанда кей жерлерге тұман түседі.

Петропавлда да тұман болуы мүмкін. Ауа райы болжамының дәлдігі – 90-95 %.

Ақмола облысында 4 желтоқсанда кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ауа райы болжамының жәлдігі – 85-90%.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.