Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтеді

Автор: Azattyq Rýhy

Ел біріншілігі 14-19 желтоқсан күндеріне белгіленген

 

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан конькишілер федерациясы ресми мәліметінше, мәнерлеп сырғанаудан ел біріншілігі Алматыда 14-19 желтоқсан күндеріне белгіленген. Аталған республикалық дода Алматы қаласындағы «Алматы Арена» мұз сарайында өтеді. 

Қазақстан чемпионатына 14 жастан жоғары ересектер мен жас мөлшері 10-18 жас аралығындағы жасөспірім, жастар қатыстырылады. 

Жарыс бағдарламасы: 

14-15 желтоқсан – жаттығу

16 желтоқсан – жаттығу, жеребе 

17 желтосан – жаттығу, жарыс

18 желтоқсан – жаттығу, жарыс, марапаттау.