$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.12.2020, 16:19
Жаңалықтар

Мысырдан ұшып келген жолаушыдан коронавирус анықталды

30 қарашада Қазақстанға 9 халықаралық әуе рейсі келді

Мысырдан ұшып келген жолаушыдан коронавирус анықталды
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайында мерзімі өткен ПТР-анықтамасымен келген екі шетел азаматы депортацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2020 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасының аумағына Мысыр, БАӘ, Түркия, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасынан 9 халықаралық әуе рейсі келді. 1 169 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 960 адам, анықтамасыз 209 адам - ҚР азаматтары келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. ПТР-талдау нәтижелері бойынша Мысырдан ұшып келген бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Минскіден ұшып келген Молдова мен Қырғызстан азаматтары, COVID-19 тестінен өту туралы мерзімі өткен анықтамаларды ұсынуларына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының әуежайынан депортацияланды.

Серіктес жаңалықтары