Полиция Шамалғандағы жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғады

Автор: Azattyq Rýhy

Апат салдарынан автобус жүргізушісі қайтыс болды

15 қыркүйекте Алматы облысында болған жантүршігерлік жол апатына қатысты ішкі істер органдары қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске салайық, жексенбі күні кешкі сағат 19:08-де «Алматы-Шамалған» жолының реттелетін темір жол өткелінде №43 бағыттағы «Алматы-Қостанай» жолаушылар поезды мен бағдаршамның тыйым салуына қарамай темір жолға шығып кеткен №456 «Алматы - Шамалған» бағытында жүретін автобус соқтығысқан болатын. Оқиға салдарынан автобус жүргізушісі қайтыс болды. Тағы тоғыз адам түрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алған.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 344-бабының 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаның себебі-салдарын анықтау мақсатында ҚР ІІМ мен ҚР ИИДМ қызметкерлері есебінен комиссия құрылған.