Жастар жылы: Қазақстанда жұмыссыз жастардың саны қанша?
2019 жылы Қазақстанда 373 мың жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған
2019 жылдың ІІ тоқсаны қорытындысы бойынша Қазақстандағы 15-28 аралығындағы жұмыспен қамтылған жастардың қатары 2,1 млн адамға жеткен, ал 2018 жылы бұл көрсеткіш 2 млн шамасында болған. Бұл туралы finprom.kz хабарлайды.
Жастардың дені қай салаларда жұмысқа орналасып жатқаны анықталды. Биыл 15-28 аралығындағы 388,8 мың жас көтерме және бөлшек сауда, сондай ақ автожөндеу саласында, 253,1 мың адам орман, балық және ауыл шаруашылығы саласында, 239,7 мың адам білім саласында жұмысқа орналасқан.
15-28 аралығындағы жұмыссыз жастардың қатары 81,1 мың адамға азайыпты, өткен жылмен салыстырғанда 1,6% өскен.
Жұмыссыз жүрген жастардың ең көбі Алматы қаласында - 16,9 мың, Алматы облысында - 8,1 мың, Қарағанды облысында - 6,5 мың.
23 тамызда ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев жаңа жұмыс орындарын ашу еліміздегі басты мәселе екенін айтты. Осы ретте Қазақстанда 14 мемлекеттік және салалық бағдарламалар жүзеге асып жатыр. Мәселен, «Еңбек» бағдарламасы аясында «Бизнес бастау», «Жас маман», «Жас кәсіпкер» жобалары бар. Сондай ақ, 2019 жылы Қазақстанда 373 мың жаңа жұмыс орны ашылады.