ПТР-талдау нәтижелері бойынша бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды
Алматы қаласының халықаралық әуежайында мерзімі өткен ПТР-анықтамасымен келген шетел азаматы депортацияланды. Бұл туралы Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
27 қарашада Қазақстан Республикасының аумағына Египет, БАӘ, ҚХР, Грузия, Ресей Федерациясы, Түркия, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді.
2 578 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 311 адам, анықтамасыз Қазақстан Республикасының 267 азаматы келді.
Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына - 10 рейс, 1 604 жолаушы, анықтамамен - 1438, анықтамасыз - 166.
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 7 рейс, 617 жолаушы, анықтамамен - 578, анықтамасыз - 39;
- Ақтөбе қаласының әуежайына - 1 рейс, 228 жолаушы, анықтамамен - 169, анықтамасыз - 59;
- Атырау қаласының әуежайына - 1 рейс, 97 жолаушы, анықтамамен - 94, анықтамасыз - 3;
- Ақтау қаласының әуежайына - 1 рейс, барлық 32 жолаушы анықтамамен келді.
Анықтамасыз келген қазақстандық азаматтар келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. ПТР-талдау нәтижелері бойынша бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.
Сонымен қатар, Түркиядан ұшып келген шетел азаматы, COVID-19 тестінен өту туралы мерзімі өткен анықтаманы ұсынуына байланысты Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.