Жаңақорғанда оқушылар апатты жағдайдағы ескі мектепте оқып жүр

Автор: Azattyq Rýhy

Мектеп алты жыл бұрын апатты деп танылған

Фото: ашық дереккөзден

Жаңақорғандағы №169 мектеп алты жыл бұрын апатты деп танылған. Алайда, балалар әлі ескі ғимаратқа барып оқып жүр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

370 балаға ықшамдап салынған мектепте осы күнде 1,5 мың бала оқып жүр. Тарлығы өз алды. Ғимарат құлау алдында тұр.

Жаңа мектеп салуға республикалық бюджеттен  2,5 млрд теңге бөлінген. Бірақ, салынып бітпеген мектеп кейіннен «оптимизацияға» ұшырапты.

Басқарманың сөзіне сенсек, ауданда алдағы жылдары 300 және 600 орындық екі мектеп салынуы тиіс. Шенеуніктердің айтуынша, екі мектеп келесі оқу жылында тапсырылады.