Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап 165 мектеп карантинге жабылды

Автор: Azattyq Rýhy

Карантин кезеңінде мектеп 14 күнге жабылады

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап 165 мектеп карантинге жабылды. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап елде 165 мектеп жабылды. Қазіргі таңда 66 мектеп әлі жабық тұр. Карантин кезеңінде мектеп 14 күнге жабылады. Бұл – ең аз инкубациялық кезең», - деді Айжан Есмағамбетова.

Оның айтуынша, егер бір сыныпта коронавирус жұқтырған бірнеше адам анықталса, инкубациялық кезең ең соңғы тіркелген оқушыдан бастап есептеледі. Яғни, мектептер ең аз дегенде 14 күнге жабылады