Шиеліде Көші-қон қызметінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол Өзбекстан азаматтарына құжаттарды заңсыз әзірлеп берген

Қызылорда облысы Шиелі аудандық полиция бөлімі Көші-қон қызметінің басшысы шетел азаматтарынан пара алды деген күдікпен ұсталды.

Полиция майорын ұстау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мен облыстық ҰҚК департаменті бірлесіп арнайы операция жүргізген.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, күдікті Өзбекстан Республикасының 15 азаматына көші-қон карточкасын заңсыз тіркеу және беру үшін жеке кәсіпкерден 75 мың теңге сомасында пара алған. Ол қазір тергеліп жатыр.