Бұл сатып алулар тоқтатылды
ШҚО әкімдігі 3 млн теңгеге қалам сатып алмақ болған. Кеңсе тауары туралы ақпарат мемлекеттік сатып алу туралы лотта жарияланған. Алайда іске сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент араласып, қаражатты бюджетке қайтарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
3 миллион теңгенің қаламына тапсырыс берген мемлекеттік мекемеге қатысты ақпарат жоқ. Өңірде осындай қымбат баға бойынша жасалған өзге де келісімдер болған екен. Олар да тоқтатылды. Нәтижесінде бюджеттің 1 миллиард теңгесі үнемделді.
«Біздің облыста қалам сатып алуға 3 миллион теңгеге қаражат жоспарланғанын анықтадық. Біздің араласуымыздан соң бұл сатып алулар тоқтатылды», - деді облыстық сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті бастығының бірінші орынбасары Жігер Байділдин.