СҚО-да көлік ұрлаған жігіт ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның сыбайласы іздестіріліп жатыр

Фото: 24.kz

Солтүстік Қазақстан облысында көлік ұрлаған 25 жастағы жігіт ұсталды, Ал оған көмектескен сыбайласы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». 

 

Екеуі Петропавлдағы көп қабатты тұрғын үйдің ауласынан жүрмей тұрған «Тайота Ланд Крузер» көлігіне аккумулятор салып, іске қосқан. Жедел іздестіру шарасы барысында полицейлер олардың ізіне түскенімен, бірден тоқтатата алмады.

«Новоникольск ауылының маңында «Тайота Ланд Крузер» автокөлігі, «Ауди» автокөлігі тоқтатылды. Сол «Тойота Ланд Крузер» автокөлігін ұрлаған азаматы ұсталды. Ал «Ауди» автокөлігінің азаматы қазіргі уақытта іздестіріліп жатыр», - дейді