Коронавирус инфекциясынан емделіп жатқан 211 адамның жағдайы ауыр

Автор: Azattyq Rýhy

24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Елімізде коронавирус инфекциясынан емделіп жатқан 211 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 11 218 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

Олардың арасында 650 бала бар. Стационарларда 3 289 науқас жатыр, 7 929 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы, науқастардың арасында 211 адамның халі нашар. Соның ішінде 28 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.