ШұғылҚазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 152 мыңнан асты

Алматы полициясы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті

Тәртіп сақшылары мен әскери қызметкерлер  қоғамдық орындарда рейд жүргізеді

Фото: ашық дереккөзден

Алматы полициясы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тәртіп сақшылары мен әскери қызметкерлер көшелер мен аулаларда және қоғамдық орындарда рейд жүргізеді.

Қазақстан аумағында осы жылдың 23 қарашасында басталған "Құқық тәртібі" жедел алдын алу іс-шарасы 30 қараша айына дейін жалғасады. Осыған байланысты Алматы полициясы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді. 

«Іс-шара барысында қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін полицияның жеке құрамы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді. Қала бойынша полиция жасақтары көбейтіліп, "Құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік" қағидасы бойынша тәртіп сақшылары мен әскери қызметкерлер көшелер мен аулаларда, саябақтарда, саяжайларда және өзге де қоғамдық орындарда рейд жүргізеді», - дейді Қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Манап Саттаров.

Сонымен қатар, құрылыс алаңдары мен тамақтану орындары да тексеріледі.