Шымкент тұрғыны түрмеге гриль ішіне телефон тығып өткізбек болған

Автор: Azattyq Rýhy

Ол өзінің кінәсін толық мойындады

Фото: polisia.kz

Шымкентте түрмеге сәлемдеме арқылы телефон өткізбек болған адам анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/4 (қауіпсіздігі барынша жоғары) әйелдер түрмесінде 21 қарашада келіп түскен сәлемдемелерді тексеру кезінде, мекеме аумағына кіргізуге тыйым салынған «Samsung» маркалы қара түсті ұялы телефон мен сим-картаны піскен тауықтын (гриль) ішіне жасырып, кіргізбек болған», - деп жазылған хабарламада.

Ол өзінің кінәсін толық мойындады. Құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі бойынша хаттама толтырылды.