$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.11.2020, 05:40
Жаңалықтар

Семейде карантинде той жасағандар әшкереленді

«Қызыл аймақтағы» жұрт дәл Полиция басқармасының алдында орналасқан дәмханада той жасаған

Семейде карантинде той жасағандар әшкереленді
Фото: 24.kz

Қазір ШҚО коронавирус жұқтыру көрсеткіші бойынша «қызыл аймақта» тұрғанына қарамастан, Семей тұрғыны дәл Полиция басқармасының алдында орналасқан дәмханада той жасаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Сондай-ақ демалыс күндері жұмыс істеп тұрған монша мен алтын сататын дүкен жұмысы да анықталып, тиісті хаттама толтырылды. Қаулыға сәйкес бұл мекемелер де сенбі-жексенбіде жұмыстарын тоқтатуы тиіс еді. 

«Қазіргі таңда осы фактілер бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік материал жинақталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін СЭС-ке, тауарлар сапасын қадағалайтын басқармаға жолданды. Процессуалдық шешімді сол кісілер қолданып, осы азаматтардың барлығына айыппұл салынады», - қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі жетекшісі Елубек Оспанов.

Серіктес жаңалықтары