ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 1430 адамнан коронавирус анықталды

Түркістан облысында карантин шаралары ұзартылды

Облыста спорттық шараларды өткізуге тыйым салынды

Фото: ашық дереккөзден

Коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін Түркістан облысының аумағында карантин шаралары ұзартылды. Бұл туралы Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрбек Нышановтың жаңа қаулысында айтылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қаулы мәтініне сәйкес, облыста спорттық шараларды өткізуге тыйым салынды. Атап айтқанда Қазақстан Республикасы чемпионаттары мен республикалық жарыстарды қоспағанда, бұкаралық ic-шараларды оон, спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық ic-шараларды, форумдарды, конференцияларды, көрмелерді, семинарларды және т.б.) өткізуге тыйым салынды.

Сонымен қатар, түнгі клубтар, компьютерлік клубтар, караоке, бильярд, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондары, батуттар кызметіне рұқсат берілмейді.