23.11.2020, 22:54
Жаңалықтар
Алматы полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Қалада республикалық жедел алдын алу-шарасы өтеді
Фото: ашық дереккөзден
Алматы полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«23-30 қараша аралығында «Құқық тәртібі» республикалық жедел алдын алу-шарасы өтеді. Осыған байланысты Алматы полициясы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді. Аталған іс-шараға полиция қызметкерлерімен қоса, Ұлттық ұлан сарбаздары да жұмылдырылады», - деп жазылған хабарламада.
Қала бойынша полиция нарядтары көбейтіліп, «Құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік» қағидасы бойынша тәртіп сақшылары және әскери қызметкерлер көшелер мен аулаларда, саябақтарда, саяжайларда және өзге де қоғамдық орындарда рейд жүргізеді.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды