22.11.2020, 12:35
Жаңалықтар
42500 теңге туралы жаңа Тelegram-бот жалған болып шықты
Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстан азаматтарының жеке деректерін жинау үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Telegram-ботты іске қоспады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
«Белгісіз адамдар азаматтарға мүмкін әлеуметтік төлемдер туралы ақпарат алу үшін өз ЖСН-і мен мобильді телефон нөмірін жіберуді ұсынатын i42500enbekkz_Bot telegram-боты - фейк. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы сынды telegram-боттарды іске қосқан жоқ. Еңбек министрлігінің қызметкерлері азаматтардан жеке дерегін сұратпайды», - делінген хабарламада.
Министрлік азаматтардан фейктерге назар аудармауды және тек ресми дереккөздердегі ақпаратты пайдалануды сұрады.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды