21 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Сенбі күні еліміздің оңтүстік аймақтарында қар жауады

21 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Фото: fotokto.ru

«Қазгидромет» РМК 21 қараша, яғни сенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де антициклон ықпалында болатындықтан, сенбі күні ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында фронталды бөліктердің әсерінен қар жауады.

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейіп, оңтүстік аймақта жаяу бұрқасын болуы мүмкін.

Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с жетеді, Жамбыл, Түркістан облыстарында жаяу бұрқасын болады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с күшейеді.

Алматы, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болуы мүмкін.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.