$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.11.2020, 03:41
Жаңалықтар

20 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды

20 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 20 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райы әлі де антициклонмен анықталады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Тек елдің солтүстігі мен оңтүстігінде фронталды бөліктердің әсерінен қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болуы мүмкін.

Оның ішінде, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады, кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

 
Серіктес жаңалықтары