Бұл туралы қалалық Білім басқармасы хабарлайды
«19.11.2019 жылы ауа райының колайсыздығына байланысты қала мектептерінің ЕКІНШІ ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды»,- делінген хабарламада.
Қазіргі ауа-райының жағдайын ескере отырып, сабақтар болмайтын жағдайда ақпарат Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен Білім басқармасының ресми дереккөздері арқылы таратылатынын еске саламыз.
Ата-аналарға ауа-райы туралы деректерді анықтау мақсатында интернет-қосымшалар мен басқа да расталмаған дереккөздерді пайдаланған дұрыс емес. Ақпарат төмендегі дереккөздер арқылы таратылады:
1) Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қызметінен келіп түскен смс-хабарлама;
2) iKOMEK109 қалалық орталығы (109 нөміріне қоңырау соғу, немесе мобильді қосымша мен чаттарына тіркеліп, хабарлама алу);