$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.11.2020, 17:18
Жаңалықтар

Токио олимпиадасы көрерменнің қатысуымен өтеді

Токио олимпиадасы 2021 жылдың 23 шілдесінде басталып, 8 тамызда аяқталады

Токио олимпиадасы көрерменнің қатысуымен өтеді
Токио губернаторы - Юрико Коикэ, фото: reuters

Жапония премьер-министрі Есихидэ Суга мен Халықаралық олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах 2021 жылы Токио олимпиадасы көрерменнің қатысуымен өтетінін мәлімдеді. Бұл туралы reuters.com хабарлайды.

Губернатор Юрико Коикэ Токио коронавирусқа қарсы шаралар әзірлеу үшін, көрерменнен 4 жылда бір өтетін әлемдік шараны қауіпсіз тамашалау үшін бар күшін салатынын айтты. Бұған дейін Олимпиада коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерілген болатын.

Токио олимпиадасы 2021 жылдың 23 шілдесінде басталып, 8 тамызда мәресіне жетеді.  

ХОК басшысы Томас Бах 2021 алдағы жылы өтетін Олимпиада ойындарын ұйымдастырушылармен кездесіп, жарыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысын талқылады.

Серіктес жаңалықтары