Синоптиктер 17-19 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, елімізде суық антициклон жүріп өтеді. Орталығы Самараның үстінде орналасқан cолтүстік-батыс антициклонының жотасы Қазақстанның ауа райына өз әсерін тигізуді жалғастырады.
«Кей жерлерде әлі де қар, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты қар жауады, бірақ антициклонмен түнде ауа температурасы солтүстік аймақтарда 18-26 аязға дейін, оңтүстік аймақтарда 5-15 аязға дейін төмендеуі мүмкін», - дейді синоптиктер.
Еліміздің кей жерлерінде тұман, оңтүстік жартысында көктайғақ, солтүстік бөлігінде бұрқасын күтіледі.