Әлемдегі ең ірі еркін сауда аймағы құрылды
Оған 15 мемлекет кірген

Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі 15 мемлекет әлемде ең ірі еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қол қойды. Құжатты Азия-Тынық мұхиты мемлекеттері қауымдастығына кіретін 10 мемлекет пен Қытай, Австралия, Жапония, Оңтүстік Корея және Жаңа Зеландия бекітті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
«Салтанатты шара Вьетнамда осы қауымдастықтың онлайн өткен саммитінде өтті. Аймақтық экономикалық серіктестік әлем экономикасы мен халқының 30 процентін қамтиды. Ұйымға мүше елдер арасында кедендік рәсімдеу оңтайландырылып, тауарлардың 92 процентіне тарифтерді төмендету көзделген», - деп жазылған хабарламада.
Құжаттың тағы бір ерекшеліг - Қытай мен Жапония осы тарифтерді төмендету бойынша алғаш рет келісімге келіп отыр.