Арнайы мониторинг тобы 13 қарашада 28 нысанның жұмысын тексерді
Алматыда арнайы мониторинг тобы 13 қарашада 28 нысанның жұмысын тексеріп, карантин талаптарын орындамаған 10 нысанды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Атап айтқанда, «Do Re Mi» Караоке клубы заңсыз жұмыс істеген. М.Әуезов ауданында «Тамыр» дәмханасы түнгі сағат 22.00-ден кейін жұмыс істеп тұрған. Бостандық ауданында «Мега Алматы» СОО-да фудкорт пен батуттар заңсыз жұмыс істеген. «АДК» сауда орталығында фудкорт жұмысын тоқтатпаған.
Осы мекемелерге қатысты ҚР ӘқбК 425-бабының 1-бөлімімен хаттама толтырылды.