$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.11.2020, 02:36
Жаңалықтар

ШҚО-да ПТР-тест нәтижелеріне байланысты тағы да шу шықты

Бұл жолы жанжал Риддер қаласында шыққан

ШҚО-да ПТР-тест нәтижелеріне байланысты тағы да шу шықты
Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында ПТР-тест нәтижелеріне байланысты тағы да шу шықты. Бұл жолы жанжал Риддер қаласында шыққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі altaynews.kz-ке сілтеме жасап. 

«Инвиво» зертханасы ондаған адамның инфекция жұқтырғанын растаған. Дәл осы адамдар екінші бір зертханаға барып, сынама тапсырған. Үш күннен кейін олар тестілеудің «теріс» нәтижесіне көз жеткізіпті.

Осыдан бірнеше апта бұрын Өскемен және Семей қаласында тура осындай жағдайға болған еді. Репродуктивті медицина орталығы жүкті әйелге тестілеудің қате нәтижесін көрсетіп қана қоймай, босанғаннан кейін баласын көрмейтінін айтып қорқытқан.

Айта кетейік, қазір облыстық денсаулық сақтау басқармасына тікелей бағынатын тағы ПТР-зертхана ашылады деп жоспарлануда.

Серіктес жаңалықтары