$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.11.2020, 17:15
Жаңалықтар

Алматының бұрынғы бас санитары Айзат Молдағасымова жаңа қызметке барды

Бұл ақпаратты медицина мекемесінің өкілдері растады

Алматының бұрынғы бас санитары Айзат Молдағасымова жаңа қызметке барды
Фото: ашық дереккөзден

Алматының бұрынғы бас санитар дәрігері Айзат Молдағасымова қаладағы №27 емхананың бас дәрігері болып тағайындалды.

Еске сала кетейік, 2017 жылдан бастап департамент басшысы және қаланың бас санитар дәрігері болған А. Молдағасымова қызметінен даулы жағдаймен кеткен еді. Әуелі коронавирус жұқтырған жолаушымен бір рейсте келіп, 14 күн карантинге оқшауланды. Сосын санитарлық талаптарды сақтамай, жиындарға маскасыз қатысқаны үшін сынға ұшырады. Одан кейін Орталық клиникалық қалалық аурухана дәрігерлерінің арасында жаппай коронавирус инфекциясы тіркелген кезде, ол дәрігерлердің өзін санитарлық нормаларды сақтамады деп айыптады.

Молдағасымованың бұл мәлімдемесінен кейін аурухана қызметкерлері әлеуметтік желі арқылы жаппай наразылық білдіріп, министрге шағымданды.

2020 жылдың 18 сәуірінде ол қызметінен босатылып, орнына қаланың бас санитар дәрігері болып Жандарбек Бекшин тағайындалды.

2020 жылдың 4 маусымында Айзат Молдақасымова Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ұлттық орталығының басшысы қызметіне тағайындалғанын растады. Кейінірек ұлттық орталықта сынақ мерзімінен өте алмауына байланысты қызметінен босатылғаны хабарланды.

Серіктес жаңалықтары