Қыздың әкесі осы сұмдықтан кейін көз жұмыпты
Шымкентте өз әкесінен жүкті болып қалған мектеп оқушысы босанған. Бұл туралы қалалық білім басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
«Мектептің 9 сынып оқушысы осы жылдың мамырында қыз баланы дүниеге әкелген. Қазіргі таңда өмірге келген сәби оқушы қыздың анасының тәрбиесінде. Ал, бұл үйдің әкесі осы сұмдықтан кейін көз жұмыпты», - деп жазады басылым.
Карантин кезінде Шымкентте 15 жастағы бозбала отбасы мүшелерімен араздасқаннан кейін суицид жасаған. Бұдан бөлек, жыл басынан бері қалада тағы 7 жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны анықталған.
Айта кетейік, өткен жылы Шымкентте 3 мектеп оқушысы суицидтен қайтыс болып, 3 бойжеткен мектеп бітірмей жүкті болған еді.