ШұғылПавлодарда бір тәулікте 100-ден астам жол ережесін бұзу фактісі анықталды

Жыл соңына дейін 4000-нан астам ауыл интернет жүйесіне қосылады – Бағдат Мусин

Сенаторлар байланыс операторлары радиожелілерді қолданғаны үшін төлейтін төлемнің жылдық мөлшерлемесін 90 пайызға төмендетуді ұсынды

Фото: ашық дереккөзден

Сенат депутаттары жоғары палатаның кезекті отырысында ауылдарды сапалы интернет жүйесімен қамтамасыз ету мәселесін көтерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Әлі де оң шешімін таппай отырған өзекті мәселеге қатысты халық қалаулары бірқатар ұсыныстарын айтты.

 «Сенаторлар байланыс операторлары радиожелілерді қолданғаны үшін төлейтін төлемнің жылдық мөлшерлемесін 90 пайызға төмендетуді ұсынып отыр. Мұндай жеңілдікті алу үшін байланыс операторлары содан үнемделген қаражатты бірінші кезекте ауылдарды кең жолақты интернетпен қамтамасыз етуге жұмсау керек», - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Пандемия кезінде әбден сынға ұшыраған ауыл-аймақтардағы интернет мәселесі алдағы 5 жылдың ішінде нақты шешімін таппақ. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі мәлімдеді.

«Енгізілген нормалардың арқасында операторлар ауыл-аймақтардағы интернет инфрақұрылымын жетілдіруге өз қаражаттарын жұмсайтын болады. Сонымен қатар радиожелілерді қолданған оператор өзіне берілген территорияны сапалы интернетпен қамтамасыз етуге міндеттеледі», - деді министр Бағдат Мусин.

Сондай-ақ, жауапты министр бүгінде 250 мың адам тұрып жатқан 4 137 ауыл жыл соңына дейін интернетпен қамтамасыз етілетінін мәлімдеді.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан